Қазақстан тарихи әлем чемпионатында қанша медаль жеңіп алды
Дүниежүзілік бокс ұйымының мұрындық болуымен өткен әлем чемпионатында қазақ боксшылары өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Пуэбло қаласында (АҚШ, Колорадо штаты) өткен турнирде Қазақстан намысын төрт боксшы қорғады: Ерасыл Аманғалиев (55 келі), Асылхан Көшербай (65 келі), Диас Серікқұл (70 келі) және Даниял Райымбеков (85 келі).
Жарыс нәтижесінде екі спортшы – Асылхан Көшербай мен Даниял Райымбеков – күміс жүлдегер атанды. Ерасыл Аманғалиев пен Диас Серікқұлға келсек, ширек финалда жарыс жолынан шығып, жүлдесіз қалды.
Айта кетейік, Асылхан Көшербайдың алтын үшін жекпе-жегі үлкен жанжалға ұласты: финалда ол Купер МакКоннеллді екі рет нокдаунға түсірді, бірақ соған қарамастан төрешілер австралиялық боксшыға жеңісті берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или