Лев Скворцов ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін

Лев Скворцов ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін

Legalbet.kz ақпаратына сәйкес, ҚПЛ-дің топ-6 клубтарының бірнешеуі «Химкидің» 24 жастағы оң қаптал қорғаушысы қазақстандық Лев Скворцовқа қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Трансфер 2025 жылғы маусым басталар алдындағы қысқы трансфер кезеңінде жүзеге асуы мүмкін.

Скворцовқа бірнеше шетелдік клубтар да қызығушылық танытып отыр. Алайда Legalbet.kz қай елдерден сұраныс түскенін нақтыламаған.

1 қарашада Legalbet.kz қорғаушы «Химкимен» 2025 жылдың жазында аяқталатын  келісімшартын ұзартпайтынын хабарлады.

Скворцов «Химки» сапына 2023 жылы ақпанда келіп, 2024 жылы шілдеде Мелбет-Бірінші лигасының «Шинник» клубына жалға берілді.

Қорғаушы «Химкиде» барлық турнирде 25 матч өткізіп, бір гол соқты.

2024/25 маусымында «Шинник» сапында барлық турнирде 13 матчқа қатысты.

Ойыншы Қазақстан құрамасы сапында сегіз матч өткізді.

Скворцов бұған дейін «Астана», «Атырау» және «Тұран» командаларында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или