ҚПЛ 24-турының символикалық командасы
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ҚПЛ 24-турының символикалық командасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
QFL Премьер-лигасының 24-ші турының үздіктер құрамы:
Қақпашы:
– Степан Сикач, «Қайсар»
4 соққыны қайтарып, гол жібермеді.
Сол қапталдағы қорғаушы:
– Ян Вороговский, «Астана»
Матчта 14 рет допты кері қайтарды. Алдыңғы шепке 14 дәл пас берді. 6 рет допқа сәтті таласты. 8 мәрте допты қарсыластан тартып алды.
Орталық қорғаушылар:
– Александр Мартынович, «Қайрат»
1 гол соқты. 15 рет допты кері қайтарды. 3 мәрте допты қарсыластан тартып алды. Алдыңғы шепке 10 дәл пас берді. 10 рет допқа сәтті таласты.
– Руслан Юденков, «Қайсар»
12 мәрте допқа сәтті таласты. Матчта 18 рет допты кері қайтарды. 5 мәрте допты қарсыластан тартып алды. Алдыңғы шепке 5 дәл пас берді.
Оң қапталдағы қорғаушы:
– Шахсұлтан Зүбайділда, «Шахтер»
1 нәтижелі пас берді. Алдыңғы шепке 4 дәл пас берді. Матчта ең көп 16 мәрте допты қарсыластан тартып алды.
Жартылай қорғаушылар:
– Гиорги Зариа, «Қайрат»
1 нәтижелі пас берді. Ең көп 6 соққы жасады. Алдыңғы шепке 14 дәл пас берді. 7 мәрте допқа сәтті таласты.
– Назми Грипши, «Астана»
1 гол соқты. 2 соққы жасады. 4 рет допқа таласты сәтті жүргізді. Алдыңғы шепке 16 дәл пас берді.
– Офри Арад, «Қайрат»
Соңғы минутта жеңіс голын соқты. Алдыңғы шепке 8 дәл пас берді. 25 рет допты кері қайтарды. 4 рет допты қарсыластан тартып алды.
Шабуылшылар:
– Николай Сигневич, «Атырау»
Жеңіс голын соқты. Алдыңғы шепте 12 дәл пас берді. Ең көп 15 рет допқа сәтті таласты.
– Айбар Абдулла, «Шахтер»
1 гол соқты. Алдыңғы шепке 4 дәл пас берді. 7 рет допты қарсыластан тартып алды.
– Усман Камара, «Астана»
1 гол соқты. 3 сәтті дриблинг жасады. Алдыңғы шепке 8 дәл пас берді. 7 рет допқа сәтті таласты.
