«Астана» камбэк жасап, турнирлік кестеде көш бастады
Бүгін QFL Премьер-лигасының кейінге шегерілген матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Премьер-лиганың кейінге шегерілген «Астана» мен «Атырау» арасындағы 17-тур ойыны аяқталды.
Бұл матчта атыраулықтар алғаш болып есеп ашқанымен, жеңісті уыста ұстап қала алмады. Бабаян шәкірттері екінші таймда нәтижелі ойын көрсетіп, камбэк жасап кетті. Ойын 3:2 есебімен, астаналық клубтың жеңісімен аяқталды.
Голдар:
0:1 - Игорь Стасевич 25’
1:1 - Бранимир Калаица 66’
2:1 - Назми Грипши 85’ (пенальти)
2:2 - Олжас Керімжанов 90+7’
3:2 - Бранимир Калаица 90+12’ (пенальти)
Бұл жеңістен кейін «Астана» 43 ұпаймее бірінші орынға шығып, елордалықтардың екінші орыннан артықшылығы екі ұпайға ұлғайды. Ал «Атырау» жетінші орынға жайғасты.
Қос ұжым келесі матчтарын 3 қараша сырт алаңда өткізеді. «Астана» «Тобылға», «Атырау» «Жетісуға» қонаққа барады.