«Валенсия» жанкүйерлері Винисиусты мазақ қылатын ұран ойластырып жатыр

«Валенсия» жанкүйерлері Винисиусты мазақ қылатын ұран ойластырып жатыр

«Валенсия» жанкүйерлері Винисиус Жуниорға арнап мазақ қылатын ұран ойластырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Реал Мадрид» вингері «Алтын допты» ала алмай, дауыс беруде екінші орынға ие болған еді. Бұл марапатты «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри жеңіп алған.

COPE мәліметінше, «Валенсия» жанкүйерлері алдағы «Реалға» қарсы матчқа арнайы ұран дайындап, оны әлеуметтік желілерде таратып жатыр. Ұранда: «Винисиусқа арналған жағажай добы, жағажай добы», – деп айтылады.

«Валенсия» мен «Реал» арасындағы матч 2 қарашада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или