France Football бас редакторы жеңімпазға қатысты пікір білдірді

France Football бас редакторы жеңімпазға қатысты пікір білдірді

France Football бас редакторы жеңімпаз бен «Реалға» қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz 

«Топ-5 қатарында Карвахаль мен Беллингемнің болуына байланысты Винисиус жеңбеген шығар, дауыстар соларға да кетті. 

Барлығы жеңімпазды ерте білгісі келді. Бірақ біз осы жолы «Алтын доп» алатын адамға алдын ала ескертпейтінімізді айттық. 

Барлығы осыған келісті деп ойладым. Бірақ соңғы сәтте біреулер дүрлігіп, ережені өзгерткісі келді.

«Реал» маған қысым жасап, Винидің жеңген не жеңбегенін білгісі келді. Менің үнсіздігімді Винисиус алмайды деп ойласа керек. Сол үшін келмей қойды. Олардың бұл әрекетіне қатты таңғалдым», – деді Винсент Гарсия.

Парижде өткен шарада Испания құрамасы мен «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Родри 2024 жылғы «Алтын доптың» иегері атанған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или