Хави «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкер бола ма?

Хави «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкер бола ма?

«Барселонаның» бұрынғы бас бапкері Хави Эрик Тен Хаг қызметінен босатылғаннан кейін «Манчестер Юнайтед» тізгінін ұстауға негізгі үміткерлердің бірі болып табылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дегенмен, Goal басылымының мәліметінше, испан маманы кем дегенде келесі жазға дейін бапкерлік қызметке оралғысы келмейді және осы жылдың мамыр айында «Барселонадан» кеткеннен кейінгі демалысын жалғастыруды көздеп отыр.

Осылайша, «Юнайтед» Хавиді клубқа әкелу үшін маусымның соңына дейін күтуі керек. Алайда, бұл нұсқа қарастырылуы екіталай, себебі МЮ тен Хагтың орнына тұрақты бапкерді жақын арада тапқысы келеді. Қазір команданы уақытша Руд ван Нистелрой басқарады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или