Винисиус «Алтын доп» үшін жарты миллиард жоғалтты

Винисиус «Алтын доп» үшін жарты миллиард жоғалтты

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор «Алтын допты» алмағаны үшін сыйақысынан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Cadena SER хабарлауынша, бразилиялық футболшы «Алтын допты» жеңіп алса, 1 миллион еуро (шамамен 531 миллион теңге) алатын еді - оның келісімшартында тиісті тармақ жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы «Алтын доп» иегері көпшілік үшін күтпеген жерден «Манчестер Сити» мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри атанды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или