Қазақстандық қыз күрестен әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық қыз күрестен әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова осы күндері Тиранада (Албания) өтіп жатқан Олимпиадалық емес салмақ дәрежесінде әйелдер күресінен әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz

Жартылай финалда 72 келіге дейінгі салмақтағы спортшы моңғолиялық Болортунгалаг Зоригтпен татамиге шықты.

Бақбергенова жекпе-жекте 8:6 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының финалисті атанды.

30 қазанда өтетін финалда Жәмилә Бақбергенова осыдан бірнеше күн бұрын жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған жапондық Ами Ишимен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или