Жәмилә Бақбергенова Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Жәмилә Бақбергенова Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Жәмилә Бақбергенова Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz 

Тиранада өтіп жатқан Әлем чемпионатының ширек финалында отандасымыз (72 кг) чехиялық Адела Ганзличкованы 6:3 есебімен жеңді.

Енді ол ақтық сынға өту үшін Моңғолия спортшысымен күреседі. 

Айта кетейік, 72 кг салмақта өнер көрсетіп жатқан Жәмилә алғашқы белдесуінде Молдова спортшысы Эмилия Крекуинді таза жеңген болатын.

Өкінішке қарай, Зульфия Яхьярова (55 кг), Диана Каюмова (59 кг) және Ирина Казюлина (65 кг) алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или