Қазақстандық Азия чемпионы бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлдесіз қалды
Қазақстандық боксшы Аяжан Ермек Будвада (Черногория) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
57 келіге дейінгі 1/8 финалда Ермек Венесуэла өкілі Диана Алехандра Маэстре Маркеспен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жек 3:2 есебімен Маэстр Маркестің пайдасына аяқталды.
Осылайша, Диана Алехандра Маэстре Маркес жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, ал Аяжан Ермек турнирдегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или