Елена Рыбакина WTA турниріне аттанды

Елена Рыбакина WTA турниріне аттанды

Әлемнің бесінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA финалдық турниріне қатысу үшін Эр-Риядқа (Сауд Арабиясы) аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир 2-9 қараша аралығында өтеді.

Бұл туралы спортшының физиотерапевті Стефан Дуэлл әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Рыбакина кейінгі рет кортқа тамыз айында АҚШ ашық чемпионатының бірінші кезеңінде шықты. Спортшы екінші айналымда жарыстан бас тартып, кейін Сеул, Бейжің және Уханьдағы турнирлерге қатыспайтынын мәлімдеген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или