Қазақстандық кәсіпқой боксшы Aли Ахмедов жаттықтырушысын ауыстырды
Али Ахмедов Головкиннің бұрынғы бапкерімен бірге жаттықпайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов (22-1, 16 КО) жаттықтырушысын алмастырды.
29 жастағы боксшы қазір Лос-Анжделес маңындағы Ten Goose Boxing Gym залында жаттығып жүр. Онда ол Рикки Фунес есімді маманмен дайындық жұмысын бастаған.
Али Ахмедов бұған дейін 2019-2022 жылдар аралығында Геннадий Головкинді жаттықтырған Джонатан Бэнкспен жекпе-жектерге дайындалатын.
Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 20 қыркүйек күні Дублинде (Ирландия) өткізді. Төрешілер шешімі бойынша француз Пьер Юбер Дибомбені (22-2-1, 12 КО) жеңіп шыққан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или