Ауыр атлетикадан ӘЧ. Ермек Өміртай сәтсіз өнер көрсетті

АҚШ-тағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 85 келіге дейін салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын Ермек Өміртай қорғады.

Жұлқа көтеруде біздің спортшы бірінші мүмкіндігін жүзеге асыра алмай, артынша 160 пен 165 келіні бағындырды. Ал серпе көтеруде жерлесіміз 200 келіні көтере алмады. Ермек барлық үш мүмкіндігін сәтсіз пайдаланды.

Бұл салмақта ресейлік Артем Окулов (176 + 215) топ жарды. Ирандық Киануг Ростами (173 + 214) екінші орын алса, тағы бір ресейлік Апти Аухадов (168 + 212) үздік үштікті түйіндеді.

wfrk.kz сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или