Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының алтынына таласады

Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының алтынына таласады


Еркін күрестен Ұлттық құраманың көшбасшысы Ризабек Айтмұхан Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының (U23) ақтық сынына шықты.

Отандасымыз 97 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында Шамиль Имам Гаджалиевті (Бейтарап атлет) ұтты. Есеп: 7-4.

Енді ертең бас жүлдені қазақ палуаны Махди Мұхарамәли Морафамен (Иран) сарапқа салады.

Еске сала кетейік, Ризабек былтыр Белградта ересектер арасында (92 кг дейінгі салмақ), ал биыл 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы (97 кг дейінгі салмақ) атанған.

Дереккөз: sportplustv.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или