Ауыр атлетикадан ӘЧ. Горичева - 5-ші

Ауыр атлетикадан ӘЧ. Горичева - 5-ші

Хьюстонда өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Карина Горичева 53 келі салмақ дәрежесінде бесінші орын алды.

Екі жаттығу қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 243 келі көтерді. Жұлқа көтеруде 112 келіні бағындырған Карина кіші қола медаль алды. Ал серпе көтеруде Карина 131 келіде тоқтап қалды. Осылайша, қос сайыстың қорытындысы бойынша Горичева бесінші орынға ие болды.

Ал 53 келі салмақ дәрежесінде қытайлық Вей Денг (113+146) топ жарды. Күміс медальді ресейлік Тима Туриева (112+136) иеленсе, үздік үштікті солтүстік кореялық Хе Сим Чо (104+139) қорытындылады.

wfrk.kz сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или