Айымбетовтің командасы өз алаңда «Сивасспордан» жеңіліп қалды

Айымбетовтің командасы өз алаңда «Сивасспордан» жеңіліп қалды

Адана қаласында (Түркия) Түркия Суперлигасының оныншы турының матчы өтіп, онда жергілікті «Адана Демирспор» өз алаңында «Сивасспорды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесу де 2:4 есебімен «Сивасспор» жеңіске жетті

«Адана Демирспор» (Адана, Түркия) — «Сивасспор» (Сивас, Түркия) 2:4 (2:1)

Гол соққандар: Бараси 13 (1:0), Гюлер 16 (2:0), Койта 38 (2:1), Родригес 61 (2:2), Манай 66 (2:3), Радакович 88 (2:4).

Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов қосалқы құрамда қалды.

«Адана Демирспор» бір ұпаймен турнир кестесінде соңғы орында. «Сивасспор» 14 ұпаймен жетінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или