Омар Нәдіров әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі
Тирана қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрес палуандары бозкілемге шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Іріктеу нәтижесінде ертең жұбаныш белдесуінде Ұлттық құрама сапынан Омар Нәдіров бақ сынайды. Аса ауыр салмақтағы (125 кг) отандасымыз Еуропа чемпионатының (U23) күміс жүлдегері украиналық Володимир Кочановпен күреседі. Жеңіске жетсе жастар арасындағы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Айдын Ахмадовқа (Әзірбайжан) қарсылас болады.
Сондай-ақ ертең еркін күрестен 57, 65, 70, 79 және 97 кг дейінгі салмақтағы іріктеу өтеді. Белдесулер Астана уақытымен сағат 13:30-да басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или