Зейнеп Баянова әлем чемпионатында жүлде ала алмады
Зейнеп Баянова Тирана қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында (U23) қола медаль үшін белдесуде Отгонтуя Чинболдтан ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз (53 кг) бен 23 жастағы моңғолиялық арасындағы кездесу 2-12 есебімен аяқталды.
Бұл Зейнеп пен Отгонтуя арасындағы екінші айқас. Былтырғы Азия чемпионатының жартылай финалы қарсыластың пайдасына шешілген.
Өкінішке қарай, еліміздің әйелдер командасы осы әлем чемпионатында (U23) жүлдесіз қалды. Былтыр да Тиранада өткен бәсекеде Қазақстан 2 қола медаль жеңіп алған. Жүлдегерлер – Алтын Шағаева мен Ирина Кузнецова.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или