«Оқжетпес» - QFL Бірінші лигасының чемпионы атанды

«Оқжетпес» - QFL Бірінші лигасының чемпионы атанды

«Оқжетпес» - QFL Бірінші лигасының чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бүгін QFL Бірінші лигасы аяқталып, «Оқжетпес» клубы маусым қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды. Көкшетаулықтар соңғы 30-шы турда «Қайсар Жас» командасын қабылдап, 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті. 23-ші минутта Дәурен Жұмат бірінші гол соқты, ал Батырхан Тәжібай мен Алияр Мұхаммед дубль авторы атанды. 

«Оқжетпес» клубы осы маусымда 20 жеңіс, 3 тең, 5 жеңіліс көрсеткішін тіркеді. Нәтижесінде Андрей Ферапонтовтың шәкірттері 63 ұпай жинап, қарсылас қақпасына 61 гол соқты. Айта кетейік, көкшетаулықтар өз тарихында бұл додада бесінші мәрте чемпион атанып отыр.

«Барша отандастарымызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймын! Осы айрықша күні біз Бірінші лиганың кезекті маусымын аяқтап жатырмыз. Барлық командалар соңына дейін күресіп, бүгінге күнге дейін шиеленісті сақтады. Осы орайда Ақмола облысы басшылығы және «Оқжетпес» футбол клубының әкімшілігі, қызметкерлері, бапкерлік штаб, ойыншылары мен жанкүйерлерін чемпиондығымен құттықтап, келесі жылғы Премьер-лигада сәттілік тілеймін», - деді Qazaqstan Football League президенті Ғани Қайназаров. 

Осылайша, «Оқжетпес» клубы QFL Премьер-лигасының келесі маусымында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Тағы бір жолдама жезқазғандық «Ұлытауға» бұйырды. Олар дебютті маусымында-ақ 60 ұпай жинап, күміс жүлде алды. Сондай-ақ, 58 ұпаймен ақтаулық «Каспий» клубы қола жүлдегер атанды. Ал QFL Екінші лигасына турнир кестесінде 15-ші орын алған Түркістан облысының «Арыс» клубы төмендеді. Айта кетейік, QFL Бірінші лигасы 4 сәуір мен 25 қазан аралығында өтті.

Дереккөз: QFL.KZ Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или