Зайнутдиновтың «Бешикташы» еурокубокта сенсация жасады
Түркиялық «Бешикташ» Еуропа лигасының 3-туры аясындағы матчта француздық «Лионды» сырт алаңда жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Лион қаласында өтіп, алаң иелерінің 0:1 есебімен күтпеген жеңілісімен аяқталды. 71-минутта Гедсон Фернандес түркиялық командаға жеңіс әкелді. Айта кетейік, Лион бұл ойында айқын фаворит саналды. «Бешикташтың» қазақстандық жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов қосалқы құрамда отырғанымен, алаңға шықпады.
Осы жеңістің арқасында «Бешикташ» үш ұпайға ие болды, ал «Лионда» үш ойыннан кейін алты ұпайы қалды. «Бешикташ» Еуропа лигасындағы келесі ойынын шведтік «Мальме» командасымен өткізсе, «Лион» немістің «Хоффенхайм» командасымен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или