Екі палуанымыз үздік бестіктен көрінді

Екі палуанымыз үздік бестіктен көрінді

Алина Ертөстік пен Лаура Ғаниқызы әлем чемпионатында үздік бестіктен көрінді, деп хабарлайды Prosports.kz

Ауыр салмақта өнер көрсеткен Алина Ертөстік (76 кг) қола медаль үшін күресте жапониялық Нодока Ямамотодан 0:11 есебімен ұтылып қалды. Осылайша, Тиранада 18 жастағы Алина алғашқы әлем чемпионатында жүлдеге бір табаны жетпей тоқтады. 

Лаура Ғаниқызы (50 кг) қола жүлде үшін белдесуде әлем чемпионы жапониялық Уми Итодан жеңіліп қалды. Кешегі ширек финалда Ғаниқызы осы біріншілікте әлем чемпионы атанған америкалық Сейдж Рейн Мартимерге (22 жаста) есе жіберген еді. 

Ертең 3 отандасымыз - Зейнеп Баянова (53 кг), Тыныс Дүбек (62 кг), Анастасия Панасович (72 кг) жұбаныш кезеңінде бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или