Александр Недовесов Базель турнирінде камбэк жасап, ширек финалға өтті
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Недовесов Базель (Швейцария) ATP 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап
Қазақстандық теннисші германиялық Кевин Кравицпен бірге бастапқы кездесуін хорватиялық Иван Додиг – чехиялық Адам Павлашекпен өткізді.
Бірінші партияда хорватиялық-чехиялық жұп бет қаратпады – 6:1. Олар екінші партияда тай-брейкте қос бірдей матчболын пайдалана алмады – 6:7 (8:10). Додиг – Павлашек супер тай-брейкте тағы екі матчболда мүлт кетті. Есесіне Недовесов пен Кравиц үшінші матчболын құр жіберген жоқ – 13:11.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында хорватиялық-чехиялық дуэт 3 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Александр Недовесов – Кевин Кравиц жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, нидерландылық Уэсли Колхоф – хорватиялық Никола Мектичпен таласады.