Тағы бір қазақ боксшысы ұлттық құрамаға оралды

Тағы бір қазақ боксшысы ұлттық құрамаға оралды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл (4-0-1, 4 KO) ұлттық құрамаға қайта оралды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Боксшы ұзақ уақыттан бері жекпе-жекке шықпағанын айтады. Енді бағын әуесқой бокста қайта сынап көрмек.

«Кәсіпқой бокста болдым. Бірақ, ол жақта бір жарым жылдай жекпе-жек болмады. Жаттығу жасап жүрдім. Соңғы екі ай демалып, енді міне, ұлттық құрамамен бірге жаттығып жатырмын. Қазақстан чемпионатынан бастасам деген ойым бар», - деді боксшының өзін.

27 жастағы Аманқұл әлем чемпионатының және Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Әбілхан 2022 жылдан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін кәсіпқой бокстан 5 жекпе-жек өткізіп, төртеуін жеңді (бәрін нокаутпен), біреуінде тең ойнады.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или