Рыбакина тағы да құрамаға көмектесе алмайды

Рыбакина тағы да құрамаға көмектесе алмайды

Рыбакина тағы да құрамаға көмектесе алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Елена Рыбакина Оңтүстік Кореяға қарсы Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңінде Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды.

Рыбакинаның турнирге келмеу себептері белгісіз.

Турнирдің ресми сайты еліміздің атынан Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева, Анна Данилина және Зарина Диястың жарысқа қатысатынын жариялады.

Айта кетейік, кореялықтармен кездесу 16-17 қарашада Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или