Ұлттық құрама боксшылары оқу-жаттығу жиынын өткізуде

Ұлттық құрама боксшылары оқу-жаттығу жиынын өткізуде

Ұлттық құрама боксшылары Азия чемпионаты алдында оқу-жаттығу жиынын өткізуде, деп хабарлайды Prosports.kz 

Азия чемпионатына дайындықтың бұл кезеңі тау бөктерінде, Алматы облысы Талғар ауданындағы Akbulak Olympic Center базасында өтуде. Бас бапкер Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен жиынның алғашқы күні боксшылар тауға серуендеді. Жексенбі күні ойын ұйымдастырылып, жаңа аптада бокс залындағы жаттығулар легі басталды.

Жаттығу жиынында ұлттық құрамаға көмектесуге жалпы физикалық дайындық бойынша белгілі маман Дарио Камачо командасымен бірге қосылды. Олардың арасында Геннадий Головкинмен бірге жұмыс жасаған Кристофер Камачо да бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или