Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингте 29 орын жоғары көтерілді

Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингте 29 орын жоғары көтерілді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) ерлер арасында жаңартылған рейтинг жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Үздік үштік өзгеріссіз қалды: италиялық Янник Синнер көш бастап тұр, испандық Карлос Алькарас екінші орында, неміс Александр Зверев үшінші орында.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик төрт орын жоғалтып, 32-орынға түсті. Александр Шевченко екі сатыға көтеріліп, 59-орынға тұрақтады. Михаил Кукушкин 111-ші болып қалды, Дмитрий Попко 173-тен 175-ке төмендеді, Бейбіт Жұқаев 29 сатыға көтеріліп, 184-орынға жайғасты, Тимофей Скатов 194-ші (-2) орынды қанағат етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или