Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 200 саты жоғары көтерілді

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 200 саты жоғары көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сында әйелдер спортшылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Поляк теннисшісі Ига Швёнтекті екінші орынға ығыстырып, бірінші орынға беларусь Арина Соболенко ие болды. Үшінші орында АҚШ теннисшісі Кори Гауфф.

Қазақстан өкілі Елена Рыбакина бесінші орында қалды. Юлия Путинцева үш орынға көтеріліп, 29-орынға тұрақтады. Зарина Дияс Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингіндегі орнын айтарлықтай жақсартты. WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасында Дияс бірден 109 орын көтеріліп, 379-орынға орналасты.

Жұптық сындағы қазақстандық теннисші Анна Данилина бір позицияда төмендеп, 23-орынға тұрақтады. Путинцева бір сатыға көтерілді - 110-шы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или