Ресейдің үздік теннисшісі Алматыда өткен ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды

Ресейдің үздік теннисшісі Алматыда өткен ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды

Ресейлік теннисші Карен Хачанов Алматыда өткен АТР-250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық кездесуде ATP рейтингінде 26-орында тұрған ресейлік спортшы әлемнің 118-ракеткасы канадалық Габриэль Диаллодан басым түсті.

Спортшылар арасындағы кездесу 2 сағат 24 минутқа созылып, 6:2, 5:7, 6:3 есебімен ресейлік спортшы жеңіске жетті.

Осылайша, Хачанов 2024 жылғы екінші турнирінде жеңіске жетіп, ATP деңгейіндегі мансабында 7-титулын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или