Александр Недовесов Бельгиядағы жарыстың финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Александр Недовесов Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің финалына шықты.
Қазақстандық теннисші америкалық Роберт Галловеймен бірге жартылай финалда нидерландылықтар Робин Хасе - Давид Пелдің меселін қайырды.
Қазақстандық- америкалық жұп 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бір сағатқа созылған бәсеке барысында екеуі 3 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Нидерландылық жұп 3 эйспен шектелді.
Александр Недовесов - Роберт Галловей финалда аустриялықтар Александр Эрлер - Лукас Мидлермен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Дереккөз: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или