ATP 250 Almaty Open турнирінің жартылай финалистері анықталды

ATP 250 Almaty Open турнирінің жартылай финалистері анықталды

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (61 ATP) ширек финалда аргентиналық Франциско Серундологодан (31 ATP) 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Серундоло турнирдің екінші ракеткасы чилилік Алехандро Табило (23 ATP) – 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңген канадалық Габриэль Диалломен (118 ATP) ойнайды.

Тағы бір ширек финалдық кездесуде Бейбіт Жукаев (213 ATP) ресейлік Карен Хачановтан (26 ATP) жеңіліп қалды – 2:6, 4:6.

Жартылай финалда Карен 6:2, 7:6 (13:11) америкалық Фрэнсис Тиафодан (15 ATP) басым түскен аустралиялық Александр Вукичпен (85 ATP) кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или