Александр Шевченко ширек финалда ұтылып қалды
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Алматыдағы турнирден шет қалды, деп хабарлайды Prosports.kz
Бүгін қазақстандық теннисші Александр Шевченко (#61) Almaty Open ATP 250 турнирінің ширек финалында аргентиналық Франсиско Серундуломен (#31) кездесті. Кездесу аргентиналықтың жеңісімен аяқталды. Александр Шевченко екі сетте – 6:2, 6:3 есебімен жеңіоді. Матч 1 сағат 5 минутқа созылды.
Еске сала кетейік, Шевченко Almaty Open жұптық сынында да өнер көрсеткен болатын. Александр Тимофей Скатовпен бірге үндістандық-аргентиналық жұп Нараянасвами – Гвидо Андреоттиден (#513 ATP) 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Дереккөз: Prosports.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или