Владимир Кличко Олимпиада бағдарламасынан боксты алып тастауға қарсы шықты

Владимир Кличко Олимпиада бағдарламасынан боксты алып тастауға қарсы шықты

Атақты украиналық кәсіпқой боксшы Владимир Кличко Олимпиада ойындарының бағдарламасында боксты сақтап қалу үшін барлық күшті жұмылдыруға шақырды.

Владимир Кличко әдеуметтік желіде видео-үндеуін жариялап, қазіргі уақытта Олимпиададағы бокстың болашағын қорғауға белсенді жұмыс жүргізіп жатқан World Boxing ұйымына және оның президенті Борис ван дер Ворстқа қолдау білдірді. Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мойындаған федерациялар құрамынан шығарылуына байланысты Олимпиада ойындарындағы бокстың болашағы қауіпті жағдайда тұр.

- Бокс – Олимпиада бағдарламасындағы ең қызық әрі көне спорт түрлерінің бірі. 1996 жылғы Олимпиада чемпионы ретінде боксты 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада сақтау керек екенін айтқым келеді, - деді Владимир Кличко World Boxing ұйымының Х желісіндегі ресми парақшасында жарияланған видео-үндеуде. 

Дереккөз: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или