Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин украиналық Вадим Урсумен бірге, Шэньчжэнь қаласында (Қытай) өткен турнирдің жұптық сынында алғашқы кездесуін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Ломакин мен Урсу жапониялық Томохиро Масабаяси және Рюки Мацудомен кездесіп, оларды үш сетте – 6:3, 3:6, 10:7 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Шэньчжэньдегі «Челленджердің» жүлде қоры 133 250 доллар. Жұптық сынның жеңімпаздары 7580 доллар алады, сонымен қатар 100 рейтингтік ұпайға ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или