Бейбіт Жұқаев Australian Open турниріне қатысқысы келетінін хабарлады
Теннистен Қазақстан командасының өкілі Бейбіт Жұқаев алдағы уақытта жоспарлаған басты мақсаты туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz
Айта кетелік, Қазақстан командасының өкілі Жұқаев Алматыда өтетін ATP 250 сериясы турниріне қатыспақ.
«Осы маусымда тағы да сайысқа қатысқым келеді. Себебі маған Australian Open-ге қатысу үшін ұпайлар керек. Рейтингім жарап, өтіп кетсем, Вена немесе Базельде өтетін АТР 500 турниріне қатысқым келеді.
Ал олай болмаған жағдайда, Францияға «Челленджерге» барамын. Одан кейін АҚШ-та өтетін «Челленджер» сериясына қатысуды жоспарлап отырмын», - деп жазады спортшыға сілтеме жасаған Федерация баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Алматыда Жұқаев турнирдің екінші айналымына өтіп, алғашқы матчта жеңімпаз атанған.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или