Қазақстандық теннисші Бельгиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Александр Недовесов Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz
Қазақстандық теннисші америкалық Роберт Галловеймен бірге алғашқы айналымда ұлыбританиялық Джейми Маррей – аустралиялық Джон Пирстен айласын асырды.
Бірінші партияда қазақстандық-америкалық дуэт 7:5 есебімен басым түсті.
Екіншісінде Маррей – Пирс қарымта қайырды – 6:4. Дегенмен супер тай-брейкте Недовесов – Галловей жеңісті жұлып алды.
Екі сағатқа созылған тартысты бәсекеде Недовесов – Галловей 7 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін құр жібермеді. Маррей – Пирс 4 эйс, 2 брейктен (9 брейк-пойнт) аса алмады.
Александр Недовесов – Роберт Галловейдің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.