Ресейлік бапкер Қазақстандағы қысым туралы айтты
Ресейлік маман Дмитрий Парфенов «Ақтөбе» бас бапкері қызметіндегі жұмысын бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында «Спартактың» бұрынғы қорғаушысы актөбелік команданың ойыны туралы да пікір білдірді.
— Қыркүйектің басында «Ақтөбеден» кеттіңіз. Қазақстандағы кезеңіңізді қорытындыласақ, қалай бағалайсыз?
— Жұмысымыз өнімді болды деп ойлаймын. Команда, негізінен, бәрін нөлден бастап, үлкен мақсаттарға ұмтылды. Бір мақсатты орындадық — Қазақстан кубогын жеңіп алдық. Бұл трофейді менің жетістігіме де жатқызуға болады. Сонымен қатар, бірнеше тур қалғанда команда чемпиондық үшін күресіп жатыр. Бірінші айналымда біз бір немесе екі тур ғана бірінші орында болмадық. Әрдайым көшбасшылар қатарында болдық. Қазір де солай, күрес жалғасып жатыр.
Қазақстанда жұмыс істеу қызық болды. Елдеріміз көрші болса да, сен легионер бапкерсің, сондықтан белгілі бір қысым бар. Драйв іздеп жүрген сәтімде осындай тәжірибе болды.