ҚФФ Черчесовтің қазақ тіліне қатысты айтқанына түсіндірме берді

ҚФФ Черчесовтің қазақ тіліне қатысты айтқанына түсіндірме берді

ҚФФ Черчесовтің қазақ тіліне қатысты айтқанына түсіндірме берді, деп хабарлайды Prosports.kz 

«Әлеуметтік желілерде жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тіліне құрмет көрсетпеуіне қатысты видеоға байланысты Қазақстан футбол федерациясы жағдайды түсіндірі өту қажет деп санайды.

Жазбада видеоның үзіндісі көрсетілген. Негізі бұл сұрақты Францияның ПСЖ клубының формасын киіп жүрген қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін бас бапкер әзілдеп жауап қайтарған болатын. 

Станислав Черчесов қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар қазақ тілін белсенді түрде оқып жатқанын мәлімдейміз», ‐ делінген хабарламада. 

Айта кетейік, ҚР Туризм және спорт министрлігі болған жайтқа байланысты Қазақстан футбол федерациясынан түсініктеме беруді талап етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или