Бейбіт Жұқаев алғашқы айналымнан сүрінбей өтті

Бейбіт Жұқаев алғашқы айналымнан сүрінбей өтті

Бейбіт Жұқаев Алматы ATP 250 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Қазақстандық теннисші ATP 250 Almaty Open турнирінің алғашқы айналымында ливандық Бенджамин Хассанды (245 ATP) 6:4, 6:1 есебімен жеңді.

Жұқаев екінші айналымда Тимофей Скатов (Қазақстан) - Томаш Махач (Чехия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, 13-20 қазан аралығында Алматы қаласында Almaty Arena-да жылдың ең маңызды спорттық оқиғаларының бірі — Almaty Open ATP 250 турнирі өтеді. Қатысушылардың қатарында әлемдік рейтингтің топ-30-ына кіретін ойыншылар бар: Фрэнсис Тиафо, Алехандро Табило, Карен Хачанов, Флавио Коболли және тағы басқалар. 20 елден келген 50-ден астам теннисші кортқа шығып, жеңіс үшін таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или