QFL Екінші лига ойындарын 88 403 жанкүйер тамашалаған
Осы маусымда QFL Екінші лига ойындарын 88 403 жанкүйер тамашалаған, деп хабарлайды Prosports.kz
Өткен жылы бұл турнирді стадиондардан 49 146 жанкүйер тамашалаған еді. Ал биылғы жылы бұл көрсеткіш екі есе артты.
Сондай-ақ, биылғы маусымда алғаш рет турнирдің барлық матчтары отандық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетілді. Q Football, Q Arena және Q League телеарналары тынымсыз жұмыс істеп, Екінші лиганың дамуына зор үлес қосты.
Турнир кезінде ең көп жанкүйер жиналған матч – Ertis пен «Ақсу» арасындағы ойын, оған 8 000 адам келген. Ertis командасының өз алаңындағы ойындарына жанкүйерлердің қолдауы ерекше болды. Ақырында Павлодар командасы өз тобында жеңімпаз атанып, QFL Бірінші лигасына жолдама алды.
Дереккөз: QFL.KZ
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или