«Реал» ойыншысы мансабын аяқтауы мүмкін
Мадридтік «Реалдың» қорғаушысы, аустриялық Давид Алаба тізе жарақатына байланысты мансабын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айтуынша, 32 жастағы аустриялық буын шеміршегі бұзылғандықтан жаттығуды толық бастай алмайды. 2023 жылдың желтоқсанында айқыш байламы жарақатынан туындаған асқынуларға байланысты Алаба кәсіби мансабын аяқтауы мүмкін, өйткені оның жоғары деңгейде өнер көрсетуін жалғастыруы екіталай.
Аустриялық жарақаттан кейін екі рет ота жасатып, содан бері бірде-бір рет алаңға шықпаған.
Алаба «Реалға» 2021 жылдың жазында қосылды. Ойыншының клубпен келісімшарт мерзімі 2025/2026 маусымының соңына дейін.
Өткен жылы Алаба алаңға 17 матчқа шығып, екі нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или