Назым Қызайбай алғашқы Олимпиадасы туралы пікір білдірді
Парижде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Олимпиададан алған әсерін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл Назымның карьерасындағы алғашқы Олимпиада болды.
«Олимпиада тамаша өтті. Бұл менің спортпен айналысқан 16 жылдағы алғашқы Олимпиада ойындарым болды. Бұған дейін мен әлем чемпионаттары мен Азия ойындары сияқты ірі турнирлерге қатыстым, бірақ Олимпиада мүлдем басқа деңгей. Бұл көп жылғы еңбектің жемісі. Маған алғашқы Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алу бақыты бұйырды, 2028 жылы өтетін келесі Олимпиадада алтын алатыныма сенемін», - деді спортшы «Түнгі студия» бағадарламасына берген сұхбатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или