Путинцева Қытайдағы турнирде қарсыласын ойсырата жеңіп, екінші айналымға шықты
Қазақстанның екінші, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 100-орында тұрған америкалық Кэролайн Доулхайдпен шеберлік байқасты.
Бастапқыда Доулхайд 2:0 есебімен алға шықса, содан кейін Путинцева қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:2, 6:0.
Бір сағат 7 минутқа созылған матчта Путинцева эйс жасамағанымен, 13 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Доулхайд 2 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) шектелді.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 10-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад-Майя немесе рейтингіде 60-орындағы қытайлық Ван Яфаньның біреуімен таласады.
Дереккөз: Kaz.inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или