Михаил Кукушкин Алматыда негізгі жарысқа жолдама алды

Михаил Кукушкин Алматыда негізгі жарысқа жолдама алды

Қазақстандық, әлемнің 111-ракеткасы Михаил Кукушкин Алматы ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингіде 198-орында тұрған ресейлік Алибек Качмазовтың меселін қайырды.

Бірінші партияда Кукушкин 5:0 есебімен алға кетіп, қарсыласына бір гейм ғана берді – 6:1. Екінші сетте есеп 2:2 болғаннан кейін Михаил қарқынын үдетті – 6:2.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Качмазов 4 эйспен шектелді.

Осылайша, Михаил Кукушкин негізгі жарысқа жолдама алды.

Алматыда алғаш рет өтіп жатқан ATP 250 турнирінде М.Кукушкиннен басқа Қазақстаннан Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев және Тимофей Скатов өнер көрсетеді.

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или