«Астана» «Челсиге» қарсы ойын туралы ресми мәлідеме жасады
«Астана» «Челсиге» қарсы ойын туралы ресми мәлідеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz
Клуб бұл матчқа билеттер әлі сатылымға шықпағанын хабарлады.
«Әлеуметтік желіде 2024 жылдың 12 желтоқсанында өтетін «Астана» мен «Челси» арасындағы УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңдік матчының билеттеріне алдын ала тапсырыс беру туралы жарнамалар жариялана бастады. Осыған байланысты «Астана» футбол клубы аталған матчқа билеттер сатылымға шықпағанын хабарлайды. Билеттердің бағасы, сондай-ақ сатылым күні туралы барлық ақпарат клубтың ресми дереккөздерінде ұсынылады», - делінген хабарламада.
Осыған дейін әлеуметтік желіде бұл матчқа билет сатылып жатқанын және 50 000 теңгеден басталатынын жазғандар болған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или