Михаил Кукушкин Алматыдағы ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

Михаил Кукушкин Алматыдағы ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады


Қазақстандық теннисші, әлемнің 103-ракеткасы Михаил Кукушкин Алматыда алғаш рет өтіп жатқан ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады. 

Іріктеу додасының 2-ракеткасы болып тіркелген М.Кукушкин дүниежүзілік рейтингіде 237-орында тұрған өзбекстандық Хумаюн Сұлтановтың мысын басты.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 24 минутқа созылған матчта 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кукушкин 3 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Х.Сұлтанов 3 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) шектелді.

М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 195-ракеткасы, ресейлік Алибек Качмазовпен таласады. Оны жеңсе, негізгі турнирге жолдама алады.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или