Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA қорытынды турниріне қатысады
Уханьда (Қытай) өткен WTA 1000 жарысының қорытындысы бойынша төрт теннисші WTA Finals-2024 турниріне қатысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қорытынды турнирге Коко Гауфф (АҚШ), Жасмин Паолини (Италия), Елена Рыбакина (Қазақстан) және Джессика Пегула (АҚШ) жолдама алды. WTA чемпиондық бәйгесінде олар 4600 ұпайдан тұратын іріктеу стандартынан асып түсті.
WTA Finals-2024 финалдық турнирі Сауд Арабия астанасы Эр-Риядта 2-9 қараша аралығында өтеді. Өткен маусымның жекелей сында польшалық Ига Свитек жеңімпаз болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или