Бетербиев пен Бивол жекпе-жек алдында көз түйістірді. Видео
Жеңіліп көрмеген ресейлік боксшылар Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол көптен күткен жекпе-жек алдында көз түйістірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай ауыр салмақта (79,4 келіге дейін) абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек 12 қазанда Сауд Арабиясында өтеді.
Бетербиев 39 жаста, Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC), Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) және Халықаралық бокс федерациясы (IBF) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.
Бивол 33 жаста, ол Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA Super) және Халықаралық бокс ұйымы (IBO) тұжырымы бойынша әлем чемпионы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или