Зайнутдинов Словения құрамасына қарсы ойнай алады

Зайнутдинов Словения құрамасына қарсы ойнай алады

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысының сары қағазы хаттамадан алынып тасталды, деп хабарлайды Prosports.kz 

УЕФА сайтында Австрия мен Қазақстан құрамалары матчының ресми хаттамасынан Зайнутдиновтың 61 минутта алған сары қағазы алынып тасталды. Бұл қағаз жартылай қорғаушы үшін Ұлттар лигасының қазіргі кезеңіндегі екінші сары қағазы болар еді, бұл оны келесі матчқа қатытырмауы мүмкін еді. 

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Словения құрамалары арасындағы матч жексенбі, 13 қазан күні Алматыда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или