Спорт журналисі Австрия - Қазақстан матчының нәтижесіне болжам жасады

Австриялық спорт журналисі Йозеф Лангер Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында Ұлттар лигасы аясындағы алдағы Австрия - Қазақстан матчы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Австриялық жанкүйерлер мен БАҚ біздің жеңіске жетуіміз керек екеніне сенімді. Бірақ Австрия құрамасының ойыншысы Флориан Грилич сұхбатында: «Бізді анық фаворит деп ойлау қауіпті, өйткені Қазақстан да жақсы команда», - деді Лангер.
Австрия - Қазақстан матчы 10 қазанда өтеді.
Бұған дейінгі кездесулерде Қазақстан өз алаңында Норвегиямен тең ойнап (0:0), сырт алаңда Словениядан (0:3) жеңіліп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или